Әлеуметтік желіде тараған бейнеролик көптің көңіліне күдік ұялатты. Бейнежазбада автор медициналық бетперденің үстіне қайнаған су құяды. Сәлден соң масканың бетіне майда қара құрттар пайда болады. Жұрттың жағасын ұстатқан жағдайды әркім әртүрлі қабылдады. Бірі бұл халық санын азайтуға арналған әлемдік құйтырқы әрекет десе, енді бірі видеоны монтаждалғанын айтады.
Осыған байланысты Ntime ақпараттық порталы журналистік зерттеу жүргізіп, осы салаға жауапты мамандармен сұхбат құрды. Медициналық масканың қауіпсіздігі қаншалықты қадағалауда? Сары аймаққа енген шаһардағы эпид қалай? Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ләззат Қашқынбаева мен Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Инфекциялық және паразитарлық ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Замира Есенгараева жауап берді. Мамандар тағы қандай кеңес берді?