Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің барлық аймақтарынлда қарқынды. Қоғамның жегі құртына айналған мәселені шешу мақсатында Шымкент қаласында мемлекеттік қызметтердің 97 пайызы- автоматтандырылған электронды жүйеге көшеді. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында көшелер мен қоғамдық орындардағы тәртіпті бақылау үшін 1 мың бейнекамера орнатылады. Сыбайластыққа тұсау салу үшін Шымкентте көптеген мекемелерде қызметтер электронды бағдарлама арқылы жүргізілуде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ic-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменты бастамасымен қалалық Цифрландыру басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында семинар өтті.
Ic-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетіі қалыптастыруда атқарылып жатқан шаралар, жемқорлық, құқық бұзушылық, фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғаларды көтермелеу қағидалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, оның жауапкершілігі бойынша ақпарат берілді.
Сондай — ақ, жиынға қатысушыларға жобалық, басқару бағыттарының бірі- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу сияқты жобалардан тұратын №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы іс-қимыл» (УББ-4) үлгілік базалық, бағытының негіздері егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Бұдан бөлек, ic-шара барысында департамент өкілi Жазира Әлжанова өңірдегi әлеуметтік маңызы бар проблемаларды негізге алып әзірленген сыбайлас жемқорлық, тәуекелдері картасынан хабардар етті, басты критерий — нәтижелер өңірдің азаматтары мен кәсіпкерлері үшін маңызды және пайдалы болуы екендігін атап өтті.
Қалалық департамент қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғалар үшін заңнамалық түрде біржолғы ақшалай сыйақылар берілетіндігін айтып өткен болатын.