Қазақстан – халқы сүттей ұйыған мемлекет. Бұл біздің құндылығымыз. Ең бастысы – этнос өкілдерінің ауызбіршілігі мен татулығы. Қазіргі кезде халықаралық қатынастарда ұлтаралық жәнe этнocaяcи қaқтығыcтap caяcи-қoғaмдық өмipдeгi мeмлeкeттep apacындaғы дәcтүpлi қaқтығыc түpiнe aйнaлып кeлe жатқандығы белгілі. Сол ретте ұлтаралық қақтығыстар мәceлeci xaлықapaлық қaтынacтapдa ғaлымдapдың, caяcи тұлғaлapдың жәнe бacқa дa әлeм көшбacшылapының нaзapын өзiнe aудapып oтыp. Этноаумақтық этникалық қақтығыстардың шығу астарында ең алдымен бір этникалық топтың қандай да бір аумақта тұруы және оны басқару құқына ие болу мақсатында туындайтын дау-дамайы жатары сөзсіз. Әрине, этносаяси қақтығыстардың өрбуіне жол бергенше, оның алдын алып, қақтығысты жағдайға жеткізбей, барлық мәселені бейбіт түрде шешу бүгінгі заман талабы болып табылады. Ұлтаралық шиеленістерді шешудің жолдары көп. Халықаралық құқықтық ережелер де жақсы құрылған. Алайда, бір елде орын алған шиеленіс келесі елдегі шиеленістен бөлек болуы мүмкін. Яғни, оның шешілу жолдары да өзгеше болады. Ұлтаралық шиеленістерді шешудің бір әмбебап тәсілі жоқ. Ең тиімді жолы – ұлтаралық шиеленісті болдырмау. Мемлекеттердің барлығы осы бағытта жұмыс атқаруда. Сол себепті ұлттық мемлекеттің саясаты да осыған бағытталғаны дұрыс. Осы орайда «Ынтымақтастықты» қолдау қақтығысты тоқтатудың тиімді тәсілдерінің бірі. Осы бағыттарды негізге ала отырып, Түркістан қаласында ішкі тұрақтылықты сақтауға, алауыздыққа жол бермеу шаралары қолға алынған.
Жақында Түркістан қаласы прокурорының жанындағы ведомствоаралық жиналыста мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен қала аумағында қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету және ұлтараздықтың алдын алу мәселелері қаралды.
Жиында қала аумағындағы әлеуметтік шиеленіс тудыруы ықтимал мәселелердің себептері және оларды шешу жолдары, сондай-ақ ұлтараздық жанжалдардың алдын алу бойынша жауапты лауазымды тұлғалардың есептері тыңдалды.
2019 жылдан бері өзекті әлеуметтік проблемаларды шешу мақсатында қала прокуратурасының бастамасымен Түркісан қала әкімдігі тұрақты түрде Әлеуметтік шиеленістер ошақтарының картасын жүргізеді.
Жыл басынан картаға 18 мәселе енгізілсе, бүгінгі таңда олардың 12-сі шешімін тапқан.
Жиналыс қорытындысы бойынша қала прокуроры аталған бағыттарда жұмыстардың тиімділігін арттыру бойынша жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарына нақты тапсырмалар берді.