Жасөспірімдер, кәмелетке жасы толмағандар қолымен іске асатын құқық бұзушылықтардың қаңдай түрімен күрес жүргізсек, ол болашақтағы ересектердің жалпы қылмысымен күресуге бағытталған бірден-бір дұрыс жол екені сөзсіз. Кәмелеттік жасқа толмаған балалар құқық бұзушылығын болдырмай алдын алу үшін оларға қылмыстыққұқықтық шаралармен әсер ете отырып, тиімді нәтижесін күту – жеткіншектердің өмір жолын дұрыс таңдап, адам болып қалыптасуына өз әсерін тигізсе керек. Жасы толмағандар қылмысымен күреске бағытталған күнделікті жұмыс Қазақстан Республикасы саясатының негізгі құрамдас бөлігі дейтін болсақ, ол жасы толмағандардың қылмысы мен жасөспірімдер құқық бұзушылығын болдырмай алдын алудағы шаралардан өз көрінісін тапқан. Жасы толмағандар қылмысын алдын алуда маңызды болып саналатын тәрбиелік сипаттағы шаралар. Мұндай тәрбиелік сипатқа ие болған шаралар құқық қорғау органдарына, жасы толмағандар ісі жөніндегі комиссияға өз көмегін тигізсе де оның жеткіліксіздігі күнделікті іске асып жатқан жат әрекеттерден көрініп, жаңа келелі істерді талап етеді. Болашақтың тірегі жасөспірімдер тәрбиесінің тиімді болуы күн тәртібінен түспейтін актуалды мәселе. Бос уақыттың шексіздігі, оны дұрыс пайдалана алмау, педагогикалық тәрбиелеудің жеткіліксіздігі жасөспірімдер арасында жаман әдеттің кең таралуына, моральдық, құқықтық нормалардың бұзылуына алып келеді. Ата-аналарының балаларды тәрбиелеуге құқығы ата-аналық құқықтарының ішіндегі ең маңыздыларының бірі. Сонымен бірге, қазіргі жағдайда білім беру мен тәрбиелеу деңгейіне жалпы әлемдік талаптың күшею тенденциясы ата-аналарға балаларға қатысты көп міндет пен көп жауапкершілік жүктейді.Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтарын алдын алудың жалпы әлеуметтік шараларының жүйесінде кәмелетке толмағандарды еңбекпен қамтамасыз етуге жетекші, басты орын беру қажет.
Түркістанда кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды күшейту мақсатында Түркістан қаласы прокуратурасының қызметкерлері қала аумағындағы әрбір мектепке жетекші-тәлімгер болып бекітілген.
Прокурорлар мектептердің әкімшілігімен тығыз байланыс орнатып, мектептердің тыныс-тіршілігімен, оқушылар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасының жай-күйімен танысуда, ювеналды полиция инспекторларымен бірлесе оқушылар мен ата-аналар арасында құқық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Қазан айында прокурорлардың қатысуымен барлық мектептерде ата-аналармен кездесулер өткізіліп, онда бала тәрбиесі, отбасыдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, суицид және жыныстық қылмыстардың алдын алу мәселелері талқыланып, құқықтық кеңестер берілді.
Кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен немесе оларға қатысты орын алған кез-келген құқық бұзушылықтар туралы полицияның 102 нөміріне немесе қала прокуратурасының 8-702-845-54-24 сенім телефонына хабарлаңыздар.