Қазақстан Республикасының әр азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра білсе еліміздің дамуы бұданда биік дәрежеге көтерілетіні хақ. Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қайсын болмасын да қатты алаңдататыны айқын.
Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы — адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады.
Түркістан қаласында «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамының Түркістан өндірістік филиалының ұйымдастыруымен семинар кеңес өтті.
Шараның негізгі мақсаты — жемқорлыққа қарсы іс қимылға бүкіл қоғамды тарту, қоғамдық институттармен өзара ынтымақтастық орнату және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру.
Жиынға Департаменттің Превенция басқармасының басшысы Ержан Жүнісов қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны сапалы іске асыру — мемлекет саясатындағы басым бағыттардың бірі екендігін баса атап өтіп, ҮББ-4 бағытындағы ішкі талдау жұмыстарын келесі жылы сапалы жүргізу мақсатында талдау методикасын жіті түсіндірді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті» екенін тілге тиек етіп, ұжым қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуда жұмыла жұмыс жасауға шақырды.
Шара соңында сыбайлас жемқорлық фактілеріне ұшырасқан жағдайда 1424 сенім телефонына қоңырау шалу қажеттігін ескертіліп, заңбұзушылықтар аясында әзірленген бейнероликтер көрсетілді.
Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі — ол азаматтардың арыз-шағым, өтініштері. Мемлекетіміздің кез-келген азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.