Баршамызға мәлім, Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының төрағаларымен және Премьер-Министрмен Парламент Мәжілісін тарату және мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде кеңес өткізді.
Жиында Мемлекет басшысы елімізде жуырда референдумның өткені мен оның нәтижесі, елдің дамуы мен болашағы үшін орын алған саяси өзгерістерді баяндады.
Президент қыркүйектегі Жолдауында саяси науқан жайлы атап өтіп, өткен жылдың қараша айында кезектен тыс Президент сайлауын өткізген болатын. Нәтижесінде Сенат депутаттарының бір бөлігі сайланды. Одан соң мәжіліс пен мәслихат сайлауы өтетінін хабарлаған болатын.
Күні кеше ғана мәжіліс пен барлық деңгедейдегі мәслихат тарап, 19 наурызда сайлау өтетіні белгілі болды. Осы ретте мен Қазақстан Республикасының азаматшасы ретінде ел Президентінің мемлекет мүддесі үшін жүзеге асырып отырған саясатын толық қолдаймын. Бірлігі бекем халық Жаңа Қазақстанға қадам басып, жаңа депутаттарды сайлайтын болады деген сенімім мол.
Инара НАМАЗБАЕВА,
«Түркістан облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығының Президенті, VII шақырылымда сайланған облыстық мәслихат депутаты