Ағымдығы жылдың 17 наурыз күні «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі, «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Манкент Шипажайы» акционерлік қоғамының ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі, кәсіподақ мүшелеріне ҚР Кәсіподақтар Федерациясының 2023 жыл — «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, еңбек адамының кауіпсіздігі басты назарда екендігін айтып, еңбеккерлерге еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, техникалық инспекторлардың жұмысы мен өндірістік жазатайым оқиғаларды болдырмау, еңбек дауларының алдын-алу, еңбек қатынастарын реттеу және құқықтық көмек көрсету, еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайын көтеру сынды түрлі ақпараттармен бөлісті.
Сондай-ақ, кәсіподақ мүшелерін келе жатқан көктемнің шуақты мерекесі Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамымен құттықтап, қатысушыларға өз алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Сонымен қатар мереке қарсаңында Түркістан облыстық кәсіподақ төрағасы Жандос Шайдулла және Абдураимов Бахтияр мырза Шаш – Төбе жалпы орта мектебінің ұстаздарымен кездесу ұйымдастырды.
Бүгінгі таңда ұжымда 104 кәсіподақ мүшелері жұмыс атқарады. Мектеп директоры Акешов Мансур Ғайбуллаевич . Кәсіподақ төрағасы Тажидинов Суннатулла Хаширматович.
Кездесу барысында облыстық кәсіподақ төрағасы Жандос Шайдулла және Абдураимов Бахтияр мырза алдымен мектеп тынысымен танысып, мүшелермен кездесу өткізді.
«Кәсіподақ жұмысындағы негізгі мәселе еңбек адамының құқын қорғау екенін, жұмыс орнындағы еңбек заңдылықтары мен қауіпсіздіктің сақталуын, өзекті мәселелердің оң бағытта шешілуін қамтамасыз етумен қатар басқа да еңбекке қатысты түйткілді жағдайларды басты назарда ұстайтынын жеткізе отырып, мұндай кездесулер еңбек ұжымдарында өзекті мәселерді анықтау және шешуде тиімді екенін атап өтті» – өз сөзінде төраға.
Кездесуге жиылған кәсіподақ мүшелері өз ойларын ортаға салып жиынды сұрақ-жауаппен аяқтады.