Кәсіподақ қозғалысының белсенділері марапатталды

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов жоспарға сәйкес «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында филиалдың құрамына кірген Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының «Шымкент қаласының ситуациялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұжымы мүшелерінің қал-жағдайымен танысып, «30 тамыз – Конституция күні» мерекесіне байланысты тарихтан сыр шерткен басқосуда құттықтау сөз сөйлеп, кәсіподақ қозғалысының белсенділеріне филиалдың наградаларын табыстады. Атап айтқанда, «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының «Құрмет грамотасымен» орталықтың бас бухгалтері Әзімхан Әсел Хасымханқызы, «Алғыс хаттарымен» орталықтың сапаны бақылау сарапшысы Жабағиева Ләззат Салтанатқызы және орталықтың инспектор-операторы Әбіш Тоғжан Маратқызы марапатталды. Жиын соңында сөз алған орталық басшысы Амиртаев Азат Ермекбайұлы барша қатысушыларды Конституция күнімен құттықтап, кәсіподаққа деген шынайы алғысын жеткізді.

Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы