Билік пен азаматтық қоғам арасындағы қарым-қатынасты жақсартуда облыс, аудан, қалаларда Қоғамдық кеңестер құрылды. Яғни, қоғамдық кеңестер — мемлекет қабылдайтын шешімдердің жариялы, ашық болуын қамтамасыз ететін консультативтік-кеңесші, әрі бақылаушы органға айналуы тиіс.
Осы орайда Қазығұрт аудан әкімдігі ғимаратында Қазығұрт аудандық қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Олар:
1) Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы есебі.
2) Жігерген ауыл округі әкімінің есебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы есебі;
3) Қазығұрт аудандық Қоғамдық кеңесінің жылдық жұмыс жоспарын бекіту;
4) Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесіне Қазығұрт аудандық мәслихат шешімінің жобасына қорытынды беру ;
Күн тәртібінде көрсетілген бөлімдердің баяндамалары тыңдалды. Баяндама аяқталғаннан кейін сұрақ-жауап болып талқыланды. Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан кәсіпкерлікті қолдау мақсатында берілетін қайтарымсыз гранттар, жастар практикасы жобасы, жаңа жұмыс орындарын ашу, атаулы әлеуметтік көмек, арнаулы әлеуметтік қызметтер, оңалту орталығының жұмыстары жайлы, жайылым жер, ауылдың тазалық мәселесі ,жол жөндеу жұмыстары, ауыл округі тұрғындарының табиғи апаттарға дайындығы мәселелері төңірегінде сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.