«Қалың қалай бастауыш?» акциясы аясында «Түркістан облысының автомобиль көлігі және жол кәсіпорындарының жергілікті кәсіподағының төрағасы Али Мамедов, Сайрам ауданында орналасқан «ЯНС» ЖШС-нің бастауыш кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, олардың жағдайымен танысты.
Жиында кәсіподақ мүшелері еңбек ұжымындағы толғандыратын мәселелерді саралап, еңбеккерлердің еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, техникалық инспекторлардың жұмысы мен өндірістік жазатайым оқиғаларды болдырмау жайлы айтып, еңбек дауларының алдын-алу, еңбек қатынастарын реттеу мен еңбекті қорғауға бағытталған шараларды қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысын талқылады.
Кездесу соңында салалық кәсіподақ төрағасы Али Мамедов Наурыз мерекесіне орай осы салада жемісті еңбек етіп, кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін Татьяна Баранниковаға Құрмет грамотасын табыстады.
Татьяна Викторовнаны құрметті марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта алар асуларыңыз бен бағындырар белестеріңіз көп болсын деп тілейміз!