«Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Түркістан облыстық филиалының төрағасы Абдурайра Манахов «Түркістан-МИКС» ЖШС-нің бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесу салалық кәсіподақ төрағасының кәсіподақ мүшелерінің арнайы жұмыс орындарына барып олардың жұмыс барысы мен еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау шараларын танысуымен ерекшеленді.
Кездесу барысында Абдурайра Манахов Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясымен 2023 жыл «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялануына байланысты кәсіподақ мүшелерімен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттерін талқылап, өз кезегінде жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардың алдын-алу мақсатында қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жұмыс барысында жеке қорғану құралдарын қолданып, сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.
Кездесу соңында кәсіподақ мүшелерінің ұсыныстары тыңдалып, қойылған сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.
Айта кетейік, аталған ұжымда бүгінде 70 еңбеккер қызмет атқарады. Барлығы — 100% кәсіподақ мүшелері.