Бүгін киелі Түркістан қаласы Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінің акт залында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Сауран ауданы және Түркістан қаласының орта білім беретін ұйым басшыларымен оқу семинары өтті.
Семинарға Қазақстандық оқу-ағарту ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің құқықтық бөлімінің басшысы Кидирбаева Райхан Мамашиевна, Түркістан қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Қолдасова Оразкүл Шайхықызы ,Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Шайдулла Жандос ,Туркістан қалалық кәсіподақ төрайымы Турманова Диана және білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Семинарды Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Жандос Шайдуллаұлы ашып берді. Төраға қатысушыларды семинар бағдарламасымен таныстырып, оқыту семинарының мақсаттары мен міндеттерін белгіледі, туындайтын еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу үшін қаралатын мәселелердің қаншалықты маңызды және өзекті екенін түсіндірді.
Қазақстандық оқу-ағарту ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің құқықтық бөлімінің басшысы Кидирбаева Райхан Мамашиевна келісу комиссиясының ұйымдағы жұмысына қатысты ақпарат берді. Келісу комиссиясының құрамы, өкілеттік мерзімі сияқты маңызды мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталды. Келісу комиссиясына делдалды тарту туралы мәселелер қозғалды.
Тыңдаушылар туындаған барлық сұрақтарға толық жауап ала алды. Семинар соңында қатысушылар облыстық кәсіподақ ұйымына пайдалы оқыту семинары үшін алғыс білдіре отырып, келісу комиссияларының жұмысы саласындағы білімдерін кеңейте алғанын атап өтті.