Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетов онлайн режимінде кезекті қабылдауын өткізді деп хабарлайды Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметі.
Бұл жолғы қабылдауға 40 азамат алдын ала жызылса, оның ішінде түрлі себептермен 5 азамат онлайн байланысқа шыққан жоқ.Жеке қабылдауға жазылғандардың басым бөлігі алаяқтыққа қатысты шағымданып, жол қауіпсіздігі, қылмыстық істерді тергеу, жер телімін заңсыз сату, бос лауазымдық жұмыс орындарына қатысты мәселелерге байланысты сауалдар мен ұсыныстар айтты.Қосымша зерделеуді қажет ететін істердің материалдарын Департамент басшысы жеке бақылауына алды. Қаланың бас полицейі бірқатар фактілер бойынша бөліністердің басшыларына өтініш пен шағымдарды егжей-тегжейлі қарау туралы тиісті тапсырмалар берді. Азаматтардың мәселесі заңды шешіліп, нәтижелі орындалуын Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы өз қадағалауына алды.«Әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдаған, халықпен барынша кері байланыс орнатуға тиіспіз. Себебі полиция департаментіне шағымданып келген әрбір азамат заң аясында жұмыс атқарылатынына сенім артады. Сондықтан, сенімге селкеу түсірмей, өз қызметімізді адал атқаруымыз қажет»,- деді Ералы Жұмаханбетов.Естеріңізге сала кетейік, Шымкенттің бас полицейі “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын іске асыру аясында халықпен кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында әр сәрсенбі сайын азаматтарды қабылдайды.