1 шілдеден бастап 7 бала тәрбиелеп өсірген аналардың жәрдемақысы 25 530 теңге болады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осныдай дерек айтты.
«1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекс аясында «Марапатталған аналар» туралы жаңа ұғым енгізіліп отыр. Бұл мәртебе көпбалалалы аналардың еңбегін құрметтеу және мойындау ретінде өмір бойына «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана», І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған әйелдерге беріледі. Бала тәрбиелеп, өсіріп отырған аналарға төленетін жәрдемақы 1 шілдеден бастап 7,4 айлық есептік көрсеткішке тең немесе 25 530 теңге болады», — деді ол.
Айта кетейік, 1 шілдеден бастап аутизм диагнозы бар балаларға шипажайда сауықтыру қызметі тегін ұсынылмақ.