Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Азамат Рысжанов тұрғындарды қабылдады. Жеке қабылдауда жалпы саны 42 азаматтың мұң-тұқтажы тыңдалды. Басқарма басшысы әр тұрғынның мәселесін жекелей тыңдай отырып, олардың заң аясында шешілу жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар тұрғын үй кезегі Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес белгіленген тәртіппен және кезекпен берілетіндігін жеткізді.Айта кету керек, Шымкент қаласында бүгінгі таңда 44 мыңнан астам адам үй кезегінде тұр. Жоспар бойынша алдағы уақытта 676 жалдамалы пәтер тапсырылу күтілуде. Оның ішінде көп балалы отбасылар, әлсіз топ мүшелері, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар да бар. Мегаполис тұрғындарын баспанамен қамту мақсатында қала әкімінің тапсырмасына сәйкес тұрғын үй құрылысын 1 млн шаршы метрге жеткізу көзделген.