Кенені жалаңаш қолмен ұстамау керек, өйткені жұқпалы ауру агенті шырышты қабықтар немесе терідегі зақымданған жерлер арқылы енуі мүмкін.
— Денедегі кенені алу үшін ұшы өткір пинцет қолдану ұсынылады. Пинцетті теріге жақындата отырып, онымен кенені іліп алу қажет. Пинцетті қатты қыспай (кенені мыжып тастамау үшін) шайқалтпай, ақырын тарту керек, себебі кененің ауыз бөлігінің бөлініп теріде қалып қоюына әкелуі мүмкін.
— Кене денеге бірден қадалмайды, сондықтан оны уақытылы алып тастау арқылы ауру жұқтырудың алдын алуға болады. Денеге кененің жабысқан жабыспағанын білу үшін әр адам өзін өзі тексеріп немесе бірін-бірі қарап шыққаны маңызды.
— Кенені тартып алғаннан кейін шаққан жерді дезинфекциялайтын затпен спиртпен, йодпен өңдеп, қолды сабынмен жуу керек.
— Кенені мыжғыламау керек, себебі кененің ішінде және сұйықтығында патогендер болуы мүмкін.
— Алынған кенені ыдысқа салып, қақпақпен тығыздап жабу қажет.
— Кенеге керосин май, ацетон т.б сұйықтық құюға, оны теріден бөлу үшін кенені ысытуға болмайды.
— Сіздің міндетіңіз кенені мүмкіндігінше алып тастап, уақыт жоғалтпай медициналық көмекке жүгіну.
— Табиғатқа демалысқа шыққанда кененің жабысқаны көрінетін ашық түсті жақсы қорғалған резеңкелі манжетті жеңі ұзын көйлек кию қажет.
— Дененің ашық жерлеріне және киімге кене ағзасына кері әсер ететін немесе оны жоюға арналған арнайы акарорепеленттерді, акарицидтерді және жеке қорғану құралдарын қолдану қажет.
— Мал қораны дезинфекциялап, үнемі тазалап отырыңыз.