«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлінің төрағалығымен Үйлестіру кеңесі өтті. Жиынға салалық кәсіподақтар филиалдарының және жергілікті кәсіподақтардың төрағалары, кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлері қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде ағымдағы жылдың 30 маусым күні Астана қаласында өткен ҚР Кәсіподақтар федерациясы Бас Кеңесінің қорытындылары, «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің 2023 жылдың 1 жарты жылдығында атқарған жұмыстары, Әлеуметтік-еңбек дауларын алдын-алу мақсатында «Еңбек консультациялары» мен «Қалың қалай бастауыш ұйым?» акциясы аясындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен кездесулер өткізу туралы мәселелер қаралды.
Жиында күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз алған аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі Астана қаласында ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Даулеталиннің төрағалығымен өткен Бас кеңесінің отырысында көтерілген мәселелерді қатысушыларға баяндай отырып, «Әділеттілік пен дамуға — бірлікте» стратегиясының жүзеге асырылу барысын, кәсіподақ қызметіне араласу мәселелерін, сондай-ақ, еңбек дауларының алдын алу және шешу шаралары мен алдағы кезеңге арналған кәсіподақ қызметінің негізгі басымдықтары туралы айтып өтті.
Бұдан бөлек отырыста кеңес мүшелерінің назарына «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ағымдағы жылдың 1 жарты жылдығында атқарылған жұмыстары туралы мағлұматтар берілді.
Сондай-ақ соңғы мәселе бойынша Әлеуметтік-еңбек дауларын алдын-алу мақсатында «Еңбек консультациялары» мен «Қалың қалай бастауыш ұйым?» акциясы аясындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен кездесулер өткізу мәселесі қаралып, кеңес мүшелеріне тиісті тапсырмалар берілді.
Бүгінгі отырысты қорытындылай келе, Үйлестіру кеңесінде көтерілген мәселелер қатысушыларының назарына алынып, салалық және жергілікті кәсіподақ төрағалары өз ұсыныстарымен бөлісіп, жүктелген тапсырмаларды тиісті деңгейде орындалуын қамтамасыз ететінін жеткізді.