Шымкентте жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ә. Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің жастары арасында діни танымдығын арттыру бағытында сала мамандарының қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты — жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру, ата-ананы құрметтеу мен жақсылық жасай білуге баулу.
Кездесуге Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Уалихан Самат Шоқанұлы қатысып, деструктивті діни ағымдардың алдын алу жолдары мен дін бағытындағы бірқатар ақпараттармен бөлісті. Сондай-ақ кереғар діни ағымдардан сақтану жөнінде сөз етіп, әлеуметтік желілердегі дінге қатысты ақпараттарды бөлісуге немесе жарияламауға шақырды.