Бүгін Сайрам ауданы әкімі Арман Сәбитовтың төрағалығымен лездемелік мәжіліс өтті. Жиналыстың күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Жиында бірінші болып М.Баймбетов күзгі су тасқыны жұмыстарына дайындық барысы туралы баяндады. Төтенше жағдайлар басқармасы тарапынан аудан көлемінде «су тасқынының» алдын алу мақсатында Арыс және Ақсу өзендеріне мониторинг жүргізілетіндігі айтылды. Сонымен қатар, Нұржанқорған елді мекенінің аумағы арқылы өтетін Арыс өзенінің арнасы қауіпсіз жағына өзгертіліп, 150 метрлік тас үйіндіден бөгет құрылды. Ал Сай каналының жағалаулары бекітіліп, ұзындығы 1 км канал аумағы «Ақсу МКК-ның» техникаларының көмегімен механикалық тазалаудан өткізілді.
Бұдан бөлек жиында құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Б.Моминжанов «қызыл сызықта» орналасқан нысандарды реттеу жұмыстарының барысы туралы айтып берді. Бүгінде Қарабұлақ ауылы, Т.Рүстемов көшесін аралау кезінде 10 нысан өз бетінше «қызыл сызықта» орналасқаны анықталып, өз еркімен бұзу жөнінде меншік иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілген екен. Ал ертең Қарабұлақ ауылдық округ әкімі аппаратында аталған кәсіпкерлерді және орталық көшелерде орналасқан ғимараттардың меншік иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Жалпы, аудан әкімі Арман Сәбитовтың тұрғындармен кездесулері мен жеке қабылдауларында жиі толғандырған мәселелердің бірі – тозығы жеткен электр бағаналары да назардан тыс қалмады. Аудандағы барлық 42 елді мекен орталықтандырылған электр желісімен қамтылған. Қазір аудан көлемінде 872 дана электр трансформатор орналасқан. Алдағы уақытта аудандағы 11 елді мекендерде электр жүйелерінің құрылыс жұмыстарын жұргізу мақсатында жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде, дейді ТҮКШ,ЖК және АЖ бөлімінің басышысы Б.Бейсенбаев.
Мәжіліс соңында аудан әкімі Арман Сәбитов жиналыста айтылған кез-келген мәселе оның қатаң бақылауында екенін, сондай-ақ бірлесіп белсенді жұмыс атқаруға шақырды.