Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Тұрманов Ермек Полатұлының қатысуымен басқарма тарапынан 2023 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары төңірегінде өткен баспасөз конференцияда мәлім болды.
«2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысымен Шымкент қаласына 434,3 млрд. теңге инвестиция тартылды. 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 126,9%-ды құрады. Жыл соңына дейін 721,7 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарлануда», — деді спикер.
Қала экономикасын көтеруде инвестицияның үлесі зор. Шымкентте биыл құны 128 млрд. теңгені құрайтын 48 инвестициялық жоба іске асырылып, 3108 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда. Бүгінгі таңда аталған жобалардың ішінде жалпы құны 40 млрд теңгені құрайтын 20 инвестициялық жоба 1183 жаңа жұмыс орнымен іске асырылды.
Олар: «Shymkent Temir» ЖШС – болат блюм өндірісін кеңейту, «NURTAU DISTRIBUTION COMPANY» ЖШС – азық-түлік емес өнімдер, дымқыл майлықтар, сұйық және қатты сабын шығаратын зауыт, «Unitex VOSTOK» ЖШС – жиһаз фабрикасын салу, «ЭКО-ФАРМ» ЖШС — медициналық бұйымдар мен жеке қорғаныс құралдары, оның ішінде әртүрлі модификациядағы бір реттік маскаларды, қорғаныс киімдерін, обаға қарсы жиынтықтарды шығаратын зауыт салу, «BI Group» – Тұмар тұрғын үй кешенінің құрылысы, «OKS-Shymcity» ЖШС – «Prime Park» тұрғын үй кешені, А.Байтурсынов мектебі ЖШС – мектеп құрылысы, «Diamond Hotel» қонақ үй құрылысы, Tauke Khan Plaza» — қонақ үй құрылысы, «Хили Пропертиз» «Double Tree by Hilton Shymkent» (Канвас) ЖШС — қонақ үйді қайта құру, Достық арнайы Транс қонақ үй атауы 7Jol — қонақ үй құрылысы, «Боржоми» — қонақ үй құрылысы, «Керемет» қонақ үй құрылысы, «Cosmopolitan Hotel» қонақ үй құрылысы, «Оңтүстік АГРО ЛТД» ЖШС — сүтті қайта өңдеу, «Шымкент сүт» ӘКҚ — сүт-тауар фермасы, «Нурсултан» ЖК — сүтті қайта өңдеу, «Шадимат» ШҚ – бордақылау 500 бас ІҚМ алаңы, «Райым ата» ШҚ – сүт-тауар фермасы, «Эгамназаров» ЖК – сүт-тауар фермасы.