Сайрам ауданы әкімі Арман Сәбитовтың тапсырмасына сәйкес Қарабұлақ ауылдық округінде заңсыз салынған 17 нысан анықталды. Бүгінде олардың 3-і сүрілген, ал қалған 14 нысан иелеріне 20 қазанға дейін бұзуға уақыт берілді. Егер кәсіпкерлер «қызыл сызықта» орналасқан ғимараттарды өз еркімен бұзбаған жағдайда іс сотқа өтеді. Салдарынан кәсіпкер заң бойынша 1.5 млн теңге көлемінде айыппұл төлейді.
Айта кетейік, тамыз-қыркүйек айында Аксукент ауылдық округ орталығындағы заңсыз құрылыс нысандары және «қызыл сызықтағы» ғимараттар сүріліп, аталған жерлерде абаттандыру жұмыстары жүргізілген.
Жалпы аудан аумағында заңсыз нысандарды анықтау жұмыстары жалғасын табатын болады.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі