Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыровтың қатысуымен басқарма тарапынан 2023 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар төңірегінде өткен баспасөз конференцияда мәлім болды.
Бүгінде Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік түрінің бағасы тұрақты. Олардың ішінде тұрғындар күнделікті тұтынатын нан, күріш, қарақұмық, сиыр еті, айран, тауық еті, сүзбе, жұмыртқа, сары май, күнбағыс майы, қырыққабат, пияз, сәбіз, картоп, қант, тұз, сүт, ұн бар.
Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында, құзырлы мекемелермен арнайы комиссия бекітіліп, әр ауданда жұмысшы топ құрылған.
Құрылған комиссия тарапынан жүргізілген мониторинг нәтижесінде, электрондық шот фактуралары арқылы хронометраждық зерттеу жүргізіліп, 140 бұзушылық фактілер анықталып, бүгінгі таңда кемшіліктер толығымен жойылған. Сонымен қатар тауардың 15 пайыздық сауда үстемесін сақтамаған 54 кәсіпкерлік субьектіге ҚР ӘҚБтК 204-4 бабымен әкімшілк хаттама толтырылған.
Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыровтың айтуынша, азық-түлік қоры жеткілікті. Жергілікті кәсіпкерлермен 1 жылға келісімшарт түзіліп, оларға «Айналым схемасы» шеңберінде тауар өндірушілерге жалпы 3,5 млрд. теңге айналым қаражаты берілген. Комиссия шешімімен әр тоқсан сайын нарықтағы бағалар зерделенеді. Басқарма басшысы тұрғындарға бағаға байланысты алаңдауына еш негіз жоқ дейді.
Жүргізіліп жатқан тұрақтандыру бойынша айналым механизімі аясында кәсіпкерлік субъектілерге қарыз қаражат беру, делдалдық қызметті шектеу және тұрақты түрде азық-түлік шаралары жүргізілуде.