Шымкенттік полицейлер тұрғындармен әлеуметтік желі арқылы кері байланыс жасауда

2021 жылдың 9-мамырында Шымкент ҚПД-нің «Инстаграмм» әлеуметтік желісіндегі direct-ке қаладағы «Шымсити» шағынауданындағы 12 қабатты үйдің алдында топырақ үйіліп, шашылып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Қаратау аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары «Шымсити» шағынауданында қалалар мен елдімекендерді абаттандыру қағидаларын бұзған тұрғынды анықтады. Қала тұрғынына ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес, әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына тазалықты сақтауға шақырады, сондай-ақ абаттандыру қағидаларын бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.