Алматы, 13 қараша — Орталық Азияның Еуразия Қоры туризмді дамытуға арналған «Байтақ жер» жобасының командасы Ақмола облысына қарасты алты елді мекенде тұратын кәсіпкерлермен кездесті.
Төрт күннің ішінде ОАЕҚ мамандары Астана, Көкшетау қалаларын, Аршалы, Ерейментау, Ақкөл және Зеренді аудандарына келіп қайтты. 60-тан астам жергілікті кәсіпкерді жоба мүмкіндіктерімен таныстырып қана қоймай, сұрақтарына жауап берді.
— Эко-, этно-, агротуризмді дамытуыға бағытталған жобамыздың ІІ кезеңі қазанда өз бастауын алды. Биыл жоба өткізу аймағын бүкіл Ақмола облысының елді мекендеріне кеңейтіп, қаржыландыру сомасын да ұлғайттық, — деді жоба менеджері Әлия Испаева.
Қызығушылық танытқан кәсіпкерлерге жоба командасы онлайн- және офлайн-курстарды ұйымдастырып, жобаларды әзірлеуге арналған бизнес-инкубаторға қатысуға, сарапшылардың қолдауы мен бірлескен жұмысты, қаржыландыруды ұсынады. Оның шарты банктердің ұсыныстарынан едәуір қолайлы: екі жылға берілетін жеті миллион теңгеге дейінгі пайызсыз қарыз.
Жоба мақсаты — туризм саласындағы кәсіпкерлікті қолдау арқылы ауыл тұрғындарының экономикалық мәселелерін қысқарту болып табылады. «Байтақ жер» жобасы «Шеврон» компаниясымен серіктестікте жүзеге асырылады.
— Біз туризмді дамытуда, Қазақстанның мәдени және табиғи мұрасын ілгерілетуде шағын бизнестің ерекше рөлін көріп отырмыз. Ақмола облысы өзінің ормандарымен, көлдерімен және сұлулығын дәріптейтін аңыздарымен танымал. Серіктестерімізбен, кәсіпкерлерімізбен және жергілікті билік органдарымен бірге біз облыста жақсы сервистің, жаңа тартымды қызметтердің және экологиялық шешімдердің экожүйесін құрғымыз келеді, — деп атап өтті «Байтақ жер» жобасын жергілікті халыққа таныстыру презентацияларына қатысқан «Шеврон» компаниясының әлеуметтік инвестициялар жөніндегі кеңесшісі Лейла Айтмуханова.
Жоба маманы Айжан Жансұлтанованың айтуынша, бетпе-бет кездесулер маңызды қарым-қатынастарды орнатуға, қатысқысы келетін адамдардың сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жобалар ретінде әзірленген ұсыныстарды да табуға мүмкіндік береді, бұндай оқиға кездесулердің бірінде орын алды.
Жобаның І кезеңінде Ақмола облысының құрамына кіретін Зеренді, Сандықтау, Қорғалжын аудандарынан 40-тан астам кәсіпкер қатысып, алтауы өз жобаларын іске асырып, кірістерін ұлғайтты.
Жобаға қатысуға өтінімді мына сілтеме бойынша 20-шы қарашаға дейін қалдыруға болады. «Байтақ жер» жобасы туралы толық ақпаратты http://baitaqzher.kz/kz ресми сайтынан, сондай-ақ жобаның Instagram парақшасынан таба аласыз.
Байланыс:
Алия Испаева, жоба менеджері aliya@ef-ca.org
Айжан Жансултанова, жоба маманы aizhan@ef-ca.org