Естеріңізге сала кетейік, эпидемиялық маңызы жоғары объектілерге балабақшалар, мектеп-интернаттар, қоғамдық тамақтану объектілері, денсаулық сақтау объектілері және т. б. жатады. Осындай объектілердің заңды жұмыс істеуі үшін олар санитариялық-эпидемиологиялық нормаларға сай болуы қажет және осы эпидемиялық маңызы жоғары объектілер үшін санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды elicense.kz порталдан онлайн ала алады.
Қызметті алу үшін elicense.kz порталында «Мемлекеттік органдар бойынша көрсетілетін қызметтер» — «ҚР Денсаулық сақтау министрлігі» қойындысына өту немесе «Қызметті іздеу» — «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актіге жоғары эпидемиялық маңызы бар объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» — бұдан әрі «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы басып, қажетті лицензиарды таңдап, өтініш нысаны бойынша барлық қажетті деректерді толтырыңыз.
Қызмет көрсету мерзімі — 13 жұмыс күні. Қызмет көрсету нәтижесі «Жеке кабинетке», «Өтініштер мен алынған қызметтер тарихы» модуліне бұдан әрі «Менің рұқсат беру құжаттарым» бөлімінде жіберіледі. Өтініш бойынша бас тартылған жағдайда «Менің өтініштерім» модулінде дәлелді бас тартудың нәтижесі сақталады.
Қызметті жеке, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер тегін ала алады.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
Қоғаммен байланыс басқармасы