ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау құзыреті аясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының қалалық филиал (Әрі қарай — Филиал) көрсететін «Жер учаскесінің сәйкестендіру құжатын дайындау және беру» мемлекеттік қызмет бойынша тиісті мамандардың әрекетіне қатысты жеке тұлғаның шағымы қаралды.
Шағым иесі аталған мемлекеттік қызметтің сапасыз және талаптарға сай емес көрсетілгендігін жазып, құжатының стандартқа сәйкес рәсімделуіне жәрдем сұраған.
Аталған шағымды қарау нәтижесімен шағымда көрсетілген деректер өз дәлелін тауып, Департамент тарапынан Филиалға тиісті ұсыным жолданды.
Жолданған ұсынымға сәйкес, Филиал тарапынан шағымда көрсетілген мәселелер ретке келтіріліп, қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді.
Осыған байланысты, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы Департаменттің басты назарында екендігін мәлімдейміз.