Алматы, 13 желтоқсан – Ақмола облысы Сандықтау ауданы Балкашино ауылында әуесқойлар арасында шаңғымен сырғанаудан Қазақстан Республикасы чемпионатының І кезеңі өтеді. Жарысты «Қазақстандағы шаңғы жарысы әуесқойларының қоғамдастығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырады.
Іс-шара «Шеврон» компаниясымен серіктестікте Орталық Азияның Еуразия Қоры әзірлеген «Байтақ жер» жобасы аясында өткізіледі. Жоба Ақмола облысында кәсіпкерлікті және туризмді дамытуды қолдайды.
Роликтегі шаңғылар бойынша алғашқы чемпионатының екі кезеңі биыл жазда Балкашинода өтті. Оған еліміздің 10 өңірінен 28 әуесқой спортшы қатысты. Байқау ауылға тек спортшыларды ғана емес, Сандықтау ауданына туристер ретінде келген жанкүйерлерді де тартты. Жарыстың мақсаттары – әуесқойлар арасында роликті шаңғылармен сырғанау жарыстарын, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау және дамыту, ең мықты спортшыларды анықтау және аймақтың туристік әлеуетін дамыту.
Чемпионаттың І кезеңі 2023 жылы 16-17 желтоқсан аралығында өтеді. Бірінші күні қатысушылардың келуі, сондай-ақ қазылар алқасының отырысы өтеді. 17 желтоқсанда сағат 10:00-де жарыс басталады.
Қатысу үшін шаңғылардың кез-келген түрін пайдаланса болады. Жарысты өткізу бойынша шығындарды ұйымдастырушының өзі, ал трансфер, тұру және тамақтану бойынша шығындарды қатысушылар немесе іссапарға жіберуші ұйымдар өтейді. Жарысқа физикалық және техникалық жағынан қашықтықты еңсеруге дайын 18 жастан асқан әйелдер мен ерлер қатыса алады. Жарысқа қатысу үшін дәрігердің рұқсаты, спорттық форма, қорғаныс шлемі мен көзілдірік керек. Жүлдегерлер медальдар, грамоталар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Қызығушылық танытқандарды 2023 жылдың 14 желтоқсаны сағат 20:00-ге дейін WhatsApp арқылы Трегубова Натальяға (+7 708 776 84 14) және Коренецкий Александрға (+7 701 313 27 45) өтініш берулеріңізді сұраймыз. Өтінімде қатысушының (толық) тегі мен аты; туған жылы мен жарыс кезіндегі толық жасы жазылуы керек. Қоныстану мәселелері бойынша көрсетілген нөмірлер бойынша WhatsApp арқылы хабарласуға болады
Елена Гаркава,
«Байтақ жер» жобасының коммуникациялар жөніндегі маманы