Отырар ауданында дзюдодан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы облыс чемпионаты өтті. Сайысқа 14 ауданнан және облыстық спорт мектептерінен жалпы 21 команда жинақталып, 300 спортшы қатысты.
Түркістан облысының аға жаттықтырушысы Айдос Отарбаевтың айтуынша, облыстық жарыста жеңіске жеткен спортшылар ел чемпионатында облыс намысын қорғамақ. Республикалық дода 2024 жылы ақпан айынының 23-28 күндері Түркістан қаласында өтеді.
Облыстық чемпионат нәтижесінде 55 келіде Ернұр Батырғали, 50 келіде Біржан Сүйіндік, 66 келіде Ислам Абай, 60 келіде Құрбанәлі Оразақынов сынды спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді. Сонымен қатар, қыздар арасында өткен сайыста 40 келіде Арай Бақытбек, 44 келіде Ұлбосын Абдукаримова, 48 келіде Сымбат Тағай, 52 келіде Ақниет Айнамқұл, 57 келіде Жұлдызай Еркімбай, 63 келіде Аружан Сейітқасым, 70 келіде Салтанат Ахметова, +70 келіде Мерей Серікбай облыстық чемпионаттың жеңімпаздары атанды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі