Түркістан облысы Полиция департаментінің сақшылары ҚР ІІМ тапсырмасымен ауа райының қолайсыз болуына байланысты жол апаттарының алдын алу мақсатында көлік жүргізушілеріне ескерту жасауда.
Яғни “Кибершериф” автокешені арқылы жылдамдықты асырған көліктерді анықтап, кешкі уақытта асфальт жолдардың беткі қабаты мұзға айналуына байланысты жылдамдықты асырмауларын ескертуде.
Сонымен қатар жолдарды қадағалайтын арнайы мекемелермен бірлесе, тұз себуге ықпал етуде. Бір күнде республикалық маңызы бар Алматы-Ташкент-Термез трассасынан жылдамдықты белгіленген межеден арттырған 50-ден астам автокөлік анықталып, әкімшілік шара көрілді.
Түркістан облысы ПД