Түркістан облысының Бәйдібек ауданындағы жолда жол-көлік оқиғасы бойынша «ВАЗ» және «Hyundai Sonata» автомобильдерінің қатысуымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта осы факт бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Болған оқиғаның барлық мәнжайы анықталады.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жолаушыларды жол ережелерін сақтауға және жолдарда мұқият болуға шақырады.
Түркістан облысы ПД басрасөз қызметі