Түркістан қалалық полиция басқармасына жас жігіт арызданып, тал түсте көше бойында өзіне бейтаныс адамның пышақ көрсету арқылы қорқытып, 200.000 теңге ақша талап еткенін жеткізді. Жедел әрекетке кіріскен тәртіп сақшылары осы іске қатысы бар 27 жастағы жігітті қолға түсірді. Анықталғандай оқиға күндізгі 14:00 шамасында көше бойында болған.
Жас жігіт досының үйіне жаяу бара жатқан тұста алдынан бейтаныс ер азамат шығып, пышағын көрсетіп, қорқытқан. Артынша ақша талап еткен. Жас жігіттің қалтасында ақша болмағандықтан, күдікті оның ұялы телефонын алып кеткен. Қазір таңда ер азамат қамауда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі