Жалған ақпарат жарға жығады

мектеп

Түркістан облысының полицейлері Кентау қаласы Қ.Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушыларымен «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалардың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесуде полицей Нұрлан Байманов бұл іс – әрекеттің қоғамға жат қылық екендігін айта келіп, Терроризм актісі туралы хабарлай отырып сіз қоғамның қауіпсіздігіне қол сұғасыз, ұйымның күнделікті жұмысын бұзасыз, құқық қорғау органдарының күштер мен кұралдарының көбін алаңдатасыз, азаматтарға залал келтіресіз –деп мысалдар көрсету арқылы бұл әрекеттің қаншалықты зиянды екендігін ашып көрсетті.

Сонымен қатар көрінеу жалған хабарламаның соңы қылмыстық жауапкершілікке алып келетінін ескертіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.