Биыл қар әдеттегі нормадан 2 есеге көп түсті

қар

Қазгидромет мәліметінше, өткен 2022-2023 жж. қыс мезгілімен салыстырғанда биыл қыста жауған жауын-шашынның мөлшері орташа есеппен алғанда 2 есеге көп.

Айталық, еліміздің солтүстігінде қар жамылғысының биіктігі 50 см-ге дейін, ал Шығыс және Оңтүстік-Шығыс аймақтарда 90 см-ге дейін жетеді. Оның үстіне биыл екпінді желдер көп байқалады, әсіресе таулы аймақтарда жел екпіні 40-45 м/с дейін жеткен кездер болды. Қыстың аяқталуына әлі де бір аптадай уақыт бар екенін ескерген жөн.

Сондықтан, сақтық шараларын сақтау аса маңызды.

Жол еркелікті көтермейді, қателікті кешірмейді.

Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар, сіздерден жол қауіпсіздігі ережесін мұқият сақтауларыңызды сұраймыз.

Ұзақ сапарға шықпас бұрын «ҚазАвтоЖол» компаниясы мамандарының нұсқауына құлақ асып, республикалық маңызы бар автожолдардың ашық не жабық екендігіне көз жеткізіңіз.

Бұл өз кезегінде тек сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етіп қана қоймай, жол қозғалысының басқа да қатысушылары үшін ықтимал қауіптерді азайтуға мүмкіндік береді.

ҚазАвтоЖол ҰК АҚ