ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің негізгі функциясы өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету.
Жетісай ауданынан қызмет алушы (күміс алқа иегері) өзінің тұрғылықты баспанасы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмеуіне байланысты тұрғын үй кезегіне тұру үшін бірнеше рет өтінішпен жүгінсе де, қызмет беруші әр-түрлі себептермен қызмет көрсетуден бас тартқан.
Өзінің бұзылған құқықтарын қорғау мақсатында аталған азаматша
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне ағымдағы жылдың қаңтар айында арызбен жүгінген болатын.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес, өздерінің тұрып жатқан тұрғынжайы белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмесе сондай-ақ, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар тұрғын үйге мұқтаж деп танылады.
Арыз негізінде тексеру жұмыстары жүргізіліп, Департаменттің нұсқамасына сәйкес азаматшаға заңмен кепілдік берілген құқығы, яғни тұрғын үйге кезекке қойылды.
Ендігі кезекте тұрғын үй кезегінен негізсіз бас тартқан лауазымды тұлғалардың тәртіптік мәселесі қаралуда.
Айта кету қажет, өткен жылы Департаменттің қарауына 157 өтініш түсіп, оның 13 қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілген.
ҚР МҚІА Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы Серік Бектұрсынұлы ӨМІРЗАХОВ