Қасиетті Рамазан айының құрметіне Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың бастамасымен ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігі бірлесіп «Рамазан қоржыны» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Қайрымдылық шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, Шымкент қаласы дін істері басқармасының бөлім басшысы Ғалымжан Тахирұлы, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Айбек Азимбаев қатысып, қасиетті Рамазан айымен құттықтап, мұқтаж жандарға азық-түлікті үлестірді.
Бүгнігі қайырымдылық шарасын Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Шымкент қаласы бойынша өкілдігі бірлесіп жүзеге асырды. Ол кісіге Алланың нұры жаусын. Игі шара барысында көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі тіркеуде тұрған отбасыларға азық-түлік себеті үлестірілді. Жалпы бір отбасыға (ұн, күріш, бал, түрлі тәттілер, шәй, май, қант, күріш, тамат, макорон өкімдері, т.б. Ерікті топ мүшелері кейбір азаматтардың ерекше қажеттілігіне байланысты үйлеріне жеткізді», – деді шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы.
Айта кетсек, бүгінгі ұйымдастырылған кезекті қайырымыдылық шарасы Шымкент орталық мешітінде өткізілді. Қайырымдылық шараны «Айғақ», «Отырар», «Оңтүстік», «Хан тв» және «Евразия-1» телеарналары түсірілім жасап, хабар таратты.
ҚМДБ