Түркістанда үйі өртенген көпбалалы отбасыға жомарт жан баспана сыйлады

жомарт

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Сұлтан Көшенов есімді азамат Рамазан айында қайырымды іс жасады. Тілсіз жаудың кесірінен үйсіз қалған 9 балалы отбасыға үш бөлмелі үйдің кілтін табыстап, қуанышқа кенелтті.

Отбасы мүшелеріне жаңа үйді табыстау рәсімінде облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов пен Сұлтан Көшенов баспаналы болған отбасын қуаныштарымен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

«Мұндай қуаныш боларын білмей қалдық. Жомарт азаматқа алғысымыз шексіз. Рамазан айындағы сауапты ісі еселеніп қайтсын» — деді 9 баланың анасы Мейрамгүл Жақыпова.

Жаңа баспана толық жиһазбен әрі тұрмыстық техникамен жабдықталған. Су, газ, жылу жүйесі толық қосылған.

Түркістан облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі