Қалада шағынаудандарды электр қуатымен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Абай ауданы аумағындағы Асар-2 шағынауданын электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстарының 2-кезеңі аяқталды.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков ел игілігіне тапсырылған нысанның мүмкіндіктерімен танысып, тұрғындарды инженерлік жүйелермен қамту кезең-кезеңімен іске асатынын атап өтті.
Құрылысты бас мердігер “А.Мерей и К” ЖШС жүргізіп, жалпы 5 айда аяқтады. Жоба құны — 1 109,4 млн. теңге. Құрылыс барысында ұзындығы 105,2 шақырым электр желілері жүргізілді. Оның ішінде, 1 дана РП 10КВ ,11 дана КТПН 10/0,4, электр қондырғыларының құрылысы аяқталды.
Қазіргі таңда аталған мекен-жайда құрылыс жұмыстары аяқталып, нәтижесінде 1 150 абонент сапалы электр қуатының тұтынуға мүмкіндік алды.
Шағынаудан тұрғындары (1110 үй) осыған дейін жекеменшік электр жүйесін тұтынып келген болатын. Енді оларға мемлекеттік жүйеге қосылуға жағдай жасалып отыр.
Айта кетейік, 2024-2025 жылдары елді мекендердің жаңақұрылыс аумақтарын (Сайрам, Бозарық, Құрсай, Сәуле, Асар-2, Қайнарбұлақ) сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу жоспарда тұр.