Шымкентте республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда

Қазақстан

Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акцияның алғашқы аптасы «Таза өлке» апталығы аясында Шымкентте #TazaShym атты жалпы қалалық тазалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталған акцияға Шымкент қаласының жастары ерекше қолдау білдіріп, белсенді атсалысты.

Қала жастары мен тұрғындары Республика, Тәуке хан, Б.Момышұлы даңғылдары мен А.Байтұрсынов және Желтоқсан көшелерінің бойында тазалық жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, аталған даңғылдар мен көшелердегі аялдамалар жуылып, қоқыс жәшіктері, жолдар тазаланды, талдар қырқылып, әктелді, барлық қоқыстар шығарылды.

Тазалық жұмыстарына 1000-дан астам жас қатысып, 13 аялдама жуылып, аталған көшелердегі барлық аяқ жолдар тазаланды, 600 ағаш әктелді, 1 тоннаға жуық қоқыс қалдықтар шығарылды.

Іс-шараға «Орыс дарама театрының» директоры – И.Вербицкий, Жастар ресурстық орталығының директоры – З.Орынбеков, қала жастары, еріктілер және тұрғындар белсенді қатысты.