«Таза қала» экологиялық акциясына Шымкенттік жастар да өз үлесін қосуда. Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акцияның алғашқы аптасы «Таза өлке» апталығы аясында Шымкентте #TazaShym атты жалпы қалалық тазалық іс-шарасы өткізілуде.
Аталған акцияға Шымкент қаласының жастары ерекше қолдау білдіріп, белсенді атсалысты.
Қала жастары мен тұрғындары Республика, Тәуке хан, Б.Момышұлы даңғылдары мен А.Байтұрсынов және Желтоқсан көшелерінің бойында тазалық жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, аталған даңғылдар мен көшелердегі аялдамалар жуылып, қоқыс жәшіктері, жолдар тазаланды, талдар қырқылып, әктелді, барлық қоқыстар шығарылды.
Тазалық жұмыстарына 1000-дан астам жас қатысып, 13 аялдама жуылып, аталған көшелердегі барлық аяқ жолдар тазаланды, 600 ағаш әктелді, 1 тоннаға жуық қоқыс қалдықтар шығарылды.
Іс-шараға «Орыс дарама театрының» директоры – И.Вербицкий, Жастар ресурстық орталығының директоры – З.Орынбеков, қала жастары, еріктілер және тұрғындар белсенді қатысты.
Бұл аптада « Таза өлке» деп аталады. Бұл күні тұрғындар мен кәсіпорындар, оқу орындары, түрлі мекемелер өз үйлері мен ғимарат аумақтарында тазалық жұмыстарын жүргізеді. Бүгін тазалық жұмыстарын атқарған студент-жастар алдағы уақытта да тазалық жұмыстарына белсене қатысып, өз өлкесінің тазалығын сақтауға араласатындықтарын білдірді. Жастардың айтуынша тазалық бір күндік жұмыс емес, сондықтан да қоршаған ортаның үнемі таза болуына әрбір тұрғын өзін жауапты сезінсе қаламызда тазалық сақталады дейді.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелді. Осыған орай елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Науқан 5 аптаға созылады. Айта кететін жайт әр аптаның тақырыбы және мақсаты бар. Бірінші апта «Таза өлке» деп аталады. Осыған орай Шымкент қаласында да акция аясында тазалау жұмыстары бастаған еді. Алғашқы бірінші аптада тұрғындар, қоғам белсенділері, кәсіпорын қызметкерлері аумақтарда белгіленген аулаларды тазалап жатыр. Қазіргі кезде көшелер сыпырылып, арықтар мен жол жиегіндегі қоқыстар жиналуда.