Кентауда мың жылдық тарихы бар тұт ағашы маңында сенбілік өтті

тұт

Республикалық экоакциясың “Киелі мекен” апталығында Кентау қаласы Қарнақ ауылындағы «Шаммат Ишан» мешіті мен «Мыңжылдық» тұт ағашында көгалдандыру, тазалау жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке қала әкімі Жандос Тасов арнайы қатысып атсалысты.

Шараға өңір жастарынан бөлек, ауыл қариялары мен ауған соғысының ардагерлері де үлес қосты. Сенбілікте тарихи орындардың аумағы шөптерден тазартылып, талдар әктелді. Орындықтар мен жарықшамдар ретке келтіріліп, әрленді. Қала басшысы Жандос Қалмырзаұлы киелі орындардың тазалығына аса жауапкершілікпен қарап, ауыл тұрғындарын тазалыққа атсалысуға шақырды.

2000 жылдық тарихи бар Қарнақ ауылындағы киелі орындарға келуші туристердің саны жыл сайын артып келеді. Қала басшысы келген қонақтарға барлық жағдайды жасау бойынша сала басшылары мен ауыл әкіміне бірқатар тапсырмалар берді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі