Елордалық прокуратура ветеринариялық заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді.
Тексеру нәтижелері көптеген бұзушылықтарды, соның ішінде мал шаруашылығы өнімдерін өткізетін субъектілердің бақылаусыз болуын, етті тиісінше тасымалдамауын, қауіпті жұқпалы аурулар бойынша жоспарлы ветеринариялық іс-шараларды орындамауын, сондай-ақ ішкі сауда объектілерінде орналасқан ветеринариялық зертханалардағы бұзушылықтарды анықтады.
Қала бойынша ветеринариялық-санитариялық бақылаудан өтпеген мал шаруашылығы өнімдерін сататын жүзден астам бақыланбайтын субъектілер жұмыс істейді.
Барлық зертханаларда ветеринариялық-санитариялық жағдайдың бұзылуы анықталды, сондай-ақ кейбір зертханалар ветеринариялық-санитариялық қорытындысыз қызметін жүзеге асырған.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша кінәлі тұлғалар — әкімшілік жауапкершілікке, мемлекеттік кәсіпорынның лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Уәкілетті органдар анықталған бұзушылықтарды жоюда.
Астана қаласының прокуратурасы