Жамбылдық полиция қызметкерлері жаз мезгілі кезінде кәмелетке толмағандар арасында қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізуде.
Күн сайын қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде балалар үшін ықтималды қауіпті орындарды (құдықтарды, люктерді, жылу трассаларын) тексеру жүзеге асырылуда.
Балалардың мектептен тыс демалатын орындарында ескерту сипатындағы арнайы ақпараттық стендтер орналастыруда.
Халықпен кездесу жиындарында балаларды ұзақ уақыт қараусыз қалдыру жағдайларына жол бермеу, терезелерді бұғаттау, торларды орнату тәсілдері, шомылу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, балалардың ересек адамдармен міндетті түрде ілесіп жүруі және оларға қарау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Өткен жылдардағы жазатайым оқиғаларды талдай отырып, аудан орталықтары мен шалғайдағы елді мекендерде түсіндіру жұмыстары жандандырылып жатыр.
Табиғатқа саяхаттау, өзендер мен су айдындарына шығу кезінде демалыста жүрген балаларға полицейлердің барынша назары аударылды.
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарына жаз кезінде балалардың қауіпсіздігі, сондай-ақ жазғы демалыс уақытында балалардың жарақаттануын болдырмау жөнінде ата-аналарға арналған жаднамалар берілді.
Қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында мүдделі қызметтермен бірлесіп барлық жазғы демалыс орындарында рейдтік іс-шаралар өткізілуде.
Жамбыл облысы ПД