Сарыағаш қаласының тұрғыны Сауран аудандық полиция бөлімінің басшылығына жоғалған телефонды қайтарып берген полицейдің көрсеткен көмегі мен жауапкершілігі үшін алғысын білдірді.
Мәселен, Сауран ауданының учаскелік инспекторы Тойсұлу Нартай қала көшелерінің бірінен жоғалған ұялы телефонды табады.
Полиция қызметкері ұялы телефон иесін анықтау үшін тез арада жедел шараларды атқарды. Дер кезінде қабылданған қажетті шаралардан кейін тәртіп сақшысы жоғалған смартфонның иесін анықтап, оған гаджетті тапсырды.
«Менің ұялы телефонымды тапқан учаскелік полиция инспекторы Тойсұлу Нартайға шын жүректен ризашылығымды білдіріп, жұмысына сәттілік тілеймін. Көп рахмет!»- деді жергілікті тұрғын.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі