Прокуратура қабылдаған шаралармен 1,2 млрд теңгеге экологиялық залалды өндірді

залалды

Елорда прокуратурасының қадағалау актісі бойынша Компаниядан мемлекет кірісіне 1,2 млрд теңге залал өндірілді. 

Қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін сот Компаниядан жоғарыда аталған соманы өндіріп алғаны анықталды.

Бұл сот шешімі 3 жыл бойы орындалмаған.

Қадағалау органы Компанияның банктік операцияларын Қазақстандағы шетелдік банк арқылы жүзеге асырғанын анықтады.

Осыған байланысты қабылданған шаралар сот актісін орындауды және мемлекет кірісіне 1,2 млрд теңге шығын өтеуді қамтамасыз етті.

Астана қаласының прокуратурасы