Түлкібас ауданы Азаттық ауылының 55 шақырым құрайтын ауыз су құбырын жаңарту жұмыстары қарқын алды деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Төрт мыңнан астам тұрғыны бар елді мекенге су құбырын жүргізу жұмыстарының 7 шақырымы аяқталған. Шақпақ-баба елді мекенінде де бір ай бұрын басталған құрылыс жұмыстары 40 пайызға аяқталған. Яғни, 28 шақырым су құбырының 12 шақырымнан астамы жаңартылған. Сондай-ақ, биыл Балықты ауылының көп жылдан бері шешімін таппай келген 3,5 шақырымды құрайтын көшелерінің ауыз су құбырлары толығымен жаңартылмақ. Мүлдем су құбыры тартылмаған Рахымов, Алаң және Балықты көшелеріне де су құбыры тартылып, қосымша 2 бірдей су мұнарасы орнатылатын болады.