Мәжілісменнен  мәселесін шешіп беруді өтінді

Мәжілісменнен

115 адам жұмыссыз қалды. Министрліктен қолдау болмаған соң, осыншама азаматты жұмыстан шығарған. Шымкенттегі «Экофарм» серіктестігінің басшылығы денсаулық сақтау министрлігі кәсіпорын өніміне 4 жыл бойы бұйрық шығармай келген. Нәтижесінде өндірілген медициналық бұйымдар сатылмай, бірқатар жұмысшыларды қызметтен босатуға тура келіпті. Бұл мәселені кәсіпорынның басшысы Шымкентке арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Руслан Берденовке айтып, проблеманы шешіп беруін сұрады.

 Елімізде 60 –қа жуық медициналық бұйым өндіретін компания болса, соның бірі Шымкенттегі «Экофарм» серіктестігі. «ЭкоФарм Интернейшнл» ЖШС — Қазақстанның фармацевтика нарығында өзіндік брендін қалыптастырып, тіптен ел Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясын иеленген компания.  Өндіріс саласында өнімді өндіруден бөлек, оны нарыққа шығару да үлкен жұмыс. Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде өндірілген өніміміз нарыққа кедергісіз шығып келеді. Еліміздің фармацевтикалық өнеркәсібін дамытуға мемлекеттік бағдарлама аясында «СК-Фармация» ЖШС бірыңғай дистрибьюторы арқылы өндірілген өнімді 10 жыл бойы ел ішінде өткізудің кепілдендірілген нарығы қамтамасыз етілді. Әрі қарай сыртқы нарыққа жол ашылды. Бұл компанияның нық тұруына мүмкіндік берді. Компанияда Оңтүстік Корея, Германия, Австрия, Италия және Швейцарияда шығарылған технологиялық жабдықтар бар. Олар халықаралық сапа стандарттарына сәйкес жобаланып, алынған. Өндірісте еуропалық сападағы шикізат қолданылады. Сондай-ақ, барлық өнім ENISO халықаралық стандартына сәйкес өндіріледі және сапасы бақылауға алынған.Өндіріс орнын ашуға, оны жүргізуге қазір де мемлекет тарапынан көп қолдау көрсетіліп отыр. Жергілікті билік арнайы экономикалық аймақтардан өндіріске қолайлы, инфрақұрылымы жүргізілген орын беруде.

Мекеме басшылығы денсаулық сақтау министрлігінің салғырттығынан тоқыраудың алдында тұрмыз дейді. Себебі өндірілген өнімге шығарылатын жылдағы 77,88,96 бұйрық 4 жыл қатарынан шығарылмаған. Нәтижесінде дайын өнімді сату проблемаға айналып, жүзден аса адам жұмыссыз қалған.

 Жағдай бұлай жалғасса мекеме жабылып қалуы мүмкін. Халық қалаулысы Руслан Берденов түйіткілді мәселені Мәжілісте көтеріп, шешу жолын қарастыратынын айтты.  Шетелдік медициналық бұйымдарды сатып алуға соңғы 15 жылда 1 миллиардтан аса АҚШ доллары жұмсалған. Ал отандық өнімді қолдауға, медициналық бұйымдарды өндіріп сату үшін жауапты министрліктің бұйрығы қашан шығатыны белгісіз.



Be the first to comment on "Мәжілісменнен  мәселесін шешіп беруді өтінді"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*