Емханада семинар ұйымдастырылды

Емханада

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасымен бекітілген «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған Қадамдық жоспарына» сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мекемелер қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, мелекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы сақтау, оның ішінде бұзушылықтардың негізгі түрлері және қызмет көрсету тиімділігін арттыру бойынша семинарлар ұйымдастыру тапсырылған.
Аталған тапсырмаға сай Департаменттің және Шымкент қаласы әкімдігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторнигі бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруыменен Шымкент қалалық №1 емханасында семинар ұйымдастырылды.
Семинарда, қызмет көрсетуші тұлғаларға қызмет көрсетуде жұртшылыққа қолайлы жағдай жасап, әр қызмет алушының мәселесіне мұқият қарау, мемлекеттік қызмет көрсетудегі бұзушылықтарды болдырмау қажеттілігі айтылды.