1999 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы дүниежүзілік жастар министрлерінің конференциясында 12 тамызды Халықаралық жастар күні деп жариялау туралы ұсынысы мақұлданған болатын. Осыған орай, 2024 жылы Халықаралық жастар күнін мерекелеу 3-12 тамыз аралығында «Жастармен бірге!» ұлттық онкүндік болып тұжырымдалған.
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Абдуохапқызы Жұмағулова «Жастармен бірге!» жастар күні шеңберінде ұлттық онкүндікті баяндау туралы брифинг өткізді.
Брифингтің басты мақсаты – 12 тамыз Халықаралық жастар күніне орай өтетін ұлттық онкүндікте орындалатын іс-шараларымен таныстыру.
Алдағы уақытта 3-12 тамыз аралығында өтетін іс-шаралар:
«3 тамыз – «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары; 4 тамыз – «Жас келсе, іске» ашық аспан астында кинофильм көрсету; 5 тамыз – «Денсаулық-зор байлық» денсаулық орталығында ашық есік күні; 6 тамыз – «Ғылым таппай мақтанба» тақырыбында интеллектуалды ойындар; 7 тамыз – «Мейірімділік мекені» тақырыбында шахматтан қайырымдылық турнирі, 8 тамыз – «Адал азамат» тақырыбында кездесулер; 9 тамыз – «Еңбек бәрін жеңбек» аясында жастар бос орындар жәрмеңкесі, 10 тамыз – «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» Абай Құнанбаевтың туған күніне арналған іс-шара; 11 тамыз – «Қорған*24» жастардың ақпараттық рейд жұмыстарын; 12 тамыз – «Жастармен бірге!» тақырыбында Open air форматында кешенді іс-шаралар ұйымдастырылатын болады» — деді Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Абдуохапқызы Жұмағулова.