Ұлттық құндылықтар ел қазынасы

ел қазынасы

Қазақ халқы Ұлттық құндылықтарды қадірлеп, қастерлеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев:  «Біз ұрпақ тәрбиесіне баса мән беріп, жастарды жақсылыққа жетелеуіміз керек», – деп бекер айтқан жоқ. Еліміздің ертеңі саналатын жастарымызды салт-дәстүрмен сусындатып, оларға туған жерді құрметтеуді, сүюді үйрету әрбіріміздің азаматтық борышымыз.

Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде: Біз қолға алған саяси-экономикалық реформаларды қоғамдағы терең әлеуметтік-мәдени өзгерістермен қатар іске асыруымыз керек. Бұл – маңызды міндет. Біз алға үздіксіз қадам басуымыз керек. Елді дамытуға кедергі келтіретін нәрсенің бәрінен арылып, құндылықтарымызды нығайта түсуіміз қажет. Сонда ғана ұлттың жаңа сапасын қалыптастырамыз, сан ғасырлық мемлекеттілігіміздің тұғырын бекемдейміз. Олай болмаса, даму көшінің соңында қалып, ақырында құрдымға кетеміз- деп айтқан болатын.

Жалпыадамзаттық құндылықтар ұлттық құндылықтарға да тән орнықтылық және тұрақтылықпен сипатталады. Ұлтқа және жеке тұлғаға қатысты менталитет бастапқыда әдеттегі-эмоционалды түрге ие. Ол экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуға негізделген құндылықтардың пайда болуымен ғана көп қырлы дүниетанымдық сипатқа ие болады. Ұлттық менталитет адамның рухани және материалдық құндылықтарын тарихи іріктеу нәтижесінде қоршаған әлеммен қарым-қатынас кезінде көрініс табады.

Бүгінгі таңда елімізде ұлттық құндылықтарды дәріптеуде көптеген іс- шаралар белсенді ақарылып келеді. Оның мақсаты жастар арасында ұлттық мәдениет пен салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың тәрбиелік мәнін дәріптеу, жастардың бойында ұлттық құндылықтар мен рухани адамгершілік, имандылық қасиеттерді дамыту.

Осыған орай Сайрам ауданы Қарасу ауылдық округінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Ұлттық құндылықтар ел қазынасы» республикалық челленджі өтті.

Ұлттық тәрбие мен патриоттық сезімдерді ояту мақсатында бастау алған челлендж аясында ауыл жастарына асық ату ұлттық ойыны өткізілді. Барлық жастарды республикалық челленджге белсене қатысуыңызға шақырамыз!