Облыс орталығында әлеуметтік нысандар саны артып келеді. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жоба аясында 49 медициналық санитарлық алғашқы көмек нысандарының құрылысы басталды. Оның ішінде 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 медициналық пункт бар.
Сарыағаш және Жетісай аудандық орталық ауруханалары күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар, Бәйдібек ауданында «Алғабас» БМСКО нысаны толық күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп пайдалануға тапсырылды.
Биыл Кентау қалалық орталық аурухана мен Келес және Бәйдібек аудандық орталық ауруханасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыс халқына жедел медициналық жәрдем көмегін уақытылы көрсету мақсатында 75 жедел жәрдем көлігі аудан, қалаларға таратылды.
Былтыр 43, биыл 34 дәрігер Түркия, Ресей елдерінде біліктілігін арттырды. Кадрлар даярлау бойынша облыс әкімінің қолдауымен өткен жылы бейінді мамандар даярлау үшін резидентураға 60 грант бөлініп, қазіргі таңда 37 үміткер медицина саласы бойынша білімін жетілдіруде. Орта медициналық қызметкерлерді даярлау үшін 650 грант бөлінген болатын. Биыл резидентураға грант 139 грант, орта медициналық қызметкерлерді даярлау үшін 600 грант бөлініп, қазіргі таңда қабылдау комиссиялары жұмыс жасауда.
Жалпы 42 нысанды инженерлік желілермен қамту жергілікті бюджеттен қаржы қаралды. Оның жартысында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Қалған нысандардың құрылысын бастауға дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
Айта кетейік, Түркістан облысының денсаулық сақтау құрылымына 45 мемлекеттік мекеме, 756 және 130 жеке меншік мекеме, оның ішінде 36 емхана мекемесі кіреді. Облыс бойынша 351 акушер-гинеколог, 252 анестезиолог-реаниматолог, 95 неонатолог, 253 педиатр, 6 балалар кардиохирургы көмек көрсетуде.